Тұрғындардың банктерге берешегі 3 триллион теңгеге жуықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғындардың банктерге берешегі 3 триллион теңгеге жуықтады

Тұрғындардың банктерге берешегі 3 триллион теңгеге жуықтады

Тұрғындар банктерге белшеден қарыз! Бүгінде ел азаматтарының берешегі  2 триллион 600 миллиард теңгеге жеткен. Бұл Ұлттық Банктің есебі. Яғни өткен жылмен салыстырғанда несие алу ел арасында 25 пайызға өскен. Әсіресе, үстеме пайызбен қарыз алудан астаналықтар мен алматылықтар еш сескенбейді екен. Қос шаһар тұрғындарының борышы – 1 триллион 182 миллирд теңге.

  • 14 Қараша 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Банкте несием бар!» — бұл тіркесті бүгінде екінің бірінен естуге болады. 23 жастағы Алматы тұрғыны Берік Исаев та осы сөзді көп айтуға мәжбүр. Себебі оның да банк алдында берешегі бар. Қаржыдан қысылып, бір емес, қатарынан үш мәрте несие рәсімдеткен.

Берік Исаев, Алматы қаласының тұрғыны:

— Басымда 3 несием бар. Алғашқысын ағамның тойы болған еді. Сол себепті де алдым. Қалған жағдайда жеке басымда біраз қиындық болып, алуға мәжбүр болдым. Айлығым аз. Сондықтан арасында бір-екі ай төлей алмай, кешігіп қалатын кездер болады.

Беріктің банкке берешегі миллион теңгенің шамасында. Ұлттық Банктің соңғы есебіне сүйенсек, қазақстандықтардың несиелік қарызы биыл 2 триллион 600 миллиард теңгеден асыпты. Тек қыркүйек айында 24 млрд. теңгені екінші деңгейлі банктер клиенттеріне үлестірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Әсіресе, үстеме пайызбен қарыз алу жағынан астаналықтар мен алматылықтар озып тұр. Бас қала тұрғындарының берешегі – 196 млрд-қа жетсе, оңтүстік астана тұрғындары – 985 млрд теңге қарыз. Ал берешегі ең төмен аймақ – Солтүстік Қазақстан облысының еншісінде.

Олжас Қизатов, ҚР Ұлтық банкі бақылау бөлімінің басшысы:

— Шамадан тыс несие алу мәселесін біз бұрыннан бері көтеріп келеміз. Үкіметтік деңгейде де. Өйткені бұл қаржылық дағдарысқа әкелу қаупін күшейтіп отыр. Яғни банктер берген несиесінің көбін қайтарып ала алмай жатыр. Сондықтан біз бұл заңға біраз өзгерістер еңгіздік. Енді несие беру мөлшерін азайтамыз.

Қаржы саласының басы-қасында жүргендердің арасында да несиелеу жүйесін сынаушылар бар. Десе де көбі кінәратты несие алушыға артады. Себебі бүгінде жұрт қарыз деген сөзден қорықпайтын болған. Тұрмыстық техниканы топырлатып алып, несиеге той жасайтындар да жетіп артылады.


Айдар Әлібаев, Қаржы қызметтерін тұтыну одағының төрағасы:

— Бұдан елімізде әлі қаржылық сауатсыздықтың белең алып отырғанын көруге болады. Көбі несиені аламында, төлей саламын деп ойдайды. Бірақ үстеме пайызының барын есептемейді. Содан тапқан-таянғанын банкке ұстатуға мәжбүр. Кредит — қайтарымсыз қаржы емес. Оның сұрауы көп екенін әр тұрғынның түсінгені абзал.

2,6 триллион — бұл тұтыну несиесінің есебінде жиналған қарыз көрсеткіші ғана. Яғни, қысқа мерзімдік шартпен, 3 миллион теңге дейін берілген. Бұдан бөлек ипотекалық және авто-несие есебінде алынған миллиардтаған қарыздар тағы бар.

— Оңтүстік астана жұртының берешегі 1 триллионға жеткенін ескерсек, қаланың әрбір тұрғыны банкке 1 жарым миллионнан төлеуі тиіс екен. Ал 2 триллион 600 миллардты құрайтын жалпы қарызды бөлсек, әрбір азаматтың басында 163 мың шамасында қарыз жүр деген сөз. Банк институттары алынған несиенің 30 пайызы дер кезінде төленбейді деген статистиканы да көрсетіп отыр.