"Үмітіміз азайса да, соңына дейін іздейміз", деді Түркияның энергетика министрі Танер Йылдыз.
Алдында хабарланғандай, Маниса провинциясындағы Сома қаласында көмір шахтасында қопарылыстан кем дегенде 201 кенші қаза болған.
Қопарылыс кезінде жердің астында екі шақырым тереңдікте шамамен 580 шахтер болған. Әр түрлі бағалауларға қарағанда, жердің астында 150 – 200 адам қалып қалған.
Т.Йылдыздың айтуынша, трансформаторлардың бірінің қысқа тұйықталуы салдарынан алдымен қопарылыс, артынан өрт болған. Министр түркі телевизиясына қаза болғандардың газдан уланғандарын айтты.