Түрік лирасы тағы антирекорд жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрік лирасы тағы антирекорд жаңартты

Түрік лирасы тағы антирекорд жаңартты

Түрік валютасы тағы антирекорд жаңартып, бір доллар үшін 14 лира шегіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбіде валюта саудасы бір доллар үшін 13,87 лирадан басталып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.40-та доллар бағамы ең төменгі деңгей — 14,1 лираға жетті.

S&P Global Ratings (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Түркияның шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтинг болжамын "B+" деңгейінен теріс мәнге өзгертті.

"Жағымсыз болжам алдағы 12 айда ұлттық валюта бағамының шектен тыс құбылуына және экономикалық саясаттың аралас сигналдарымен инфляцияның өсуіне байланысты сыртқы қарыз қаражатын пайдалануға байланысты түрік экономикасы үшін тәуекелдердің жоғарылағанын көрсетеді", — деп түсіндірді агенттік өкілдері. 

Жыл басында бір доллар үшін 7,4 лира бағамына саудаланған түрік валютасы бір жылда шамамен 50 пайызға арзандады. Соңғы 20 жылдағы ең жоғары тәуліктік құлдырау 23 қарашада тіркелді, лира сол күні 16 пайызға төмендеді. Бұл Түркияның орталық банк 18 қарашада есептік мөлшерлемені 16 пайыздан 15-ке дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін басталды.


Соңғы жаңалықтар