Түрік полицейлері Измирде көтеріліске шыққандарға қарсы су шашқыш пен газ қолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрік полицейлері Измирде көтеріліске шыққандарға қарсы су шашқыш пен газ қолданды

Түрік полицейлері Измирде көтеріліске шыққандарға қарсы су шашқыш пен газ қолданды

Түркияда тәртіп сақшылары Сома қаласында шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты көтеріліске шыққандарға қарсы су  шашқыш пен газ пайдаланды, деп бүгін жергілікті БАҚ мәлімдеді.

  • 15 Мамыр 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларымен қақтығыс Измир қаласында болды.

Бұрын хабарланғандай, 13 мамыр күні Маниса провинциясындағы Сома қаласындағы көмір шахтасында апат орын алған болатын. Қайтыс болғандар саны 282 адамға жетті.

Түркия мемлекеттік сектор қызметкерлерінің кәсіподақ конфедерациясы бүгін осы апатқа байланысты жаппай акция өткізуді жақтаған болатын.