Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Озчивиттің үйлену тойы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Озчивиттің үйлену тойы өтті

Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Озчивиттің үйлену тойы өтті

Стамбұлда қазіргі түрік киносындағы ең әдемі жұптардың бірі - Бурак Озчивит пен Фахрие Эвдженнің үйлену тойы өтті.

  • 30 Маусым 2017
  • 8204
Фото - Caravan.kz

Кеше ғана дүркіреп өткен тойдың суреттері мен видеолары ғаламторды шарлап кетті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бурак пен Фахриенің арасындағы махаббат осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын түсіру алаңында басталған. Олар биыл көктемде некелерін қиып, тойдың 29 маусымда болатынын хабарлаған еді.  

Жұлдызды жұптың керемет салтанатты кеші Босфор бұғазының жағалауында орналасқан әрі тарихи құндылығы бар Sait Halim Paşa вилласында отбасы мен достарының ортасында ғана өтті.