Түрік ЖОО-дағы қазақстандық студенттер ЭКСПО-2016 көрмесінде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрік ЖОО-дағы қазақстандық студенттер ЭКСПО-2016 көрмесінде болды

Түрік ЖОО-дағы қазақстандық студенттер ЭКСПО-2016 көрмесінде болды

Түркиялық ЖОО-ларда оқитын қазақстандық студенттер «Хаджеттепе» университеті мен Анкараның Таяу Шығыс техникалық  университетінде өткен Халықаралық көрме күніне қатысты, деп хабарлады Түркиядағы ҚР елшілігі. 

  • 12 Мамыр 2016
  • 444
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық студенттер Халықаралық көрме күнінің қонақтарына имидждік материалдар таратты, қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татырды, сонымен қатар қазақстандық композиторлардың әуендерін орындады.

Сондай-ақ, бұл күндері Анталья қаласында Анкара, Ыстамбұл, Кастамонудағы  оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттердің съезі өтті. Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен 120-дан астам қазақстандық студент ЭКСПО-2016 көрмесіне тегін барды.

Съезд аяқталған соң студенттер Түркияның өзге қалаларында оқитын отандастарымен қарым-қатынасты үзбеу жолындағы мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Олар үнемі осындай кездесулерді өткізіп отыру жөнінде уағдаласты.


null