Түрікменстан Каспий маңы газ құбырын тарту жобасының өз бөлігін жүзеге асыруға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан Каспий маңы газ құбырын тарту жобасының өз бөлігін жүзеге асыруға кірісті

Түрікменстан Каспий маңы газ құбырын тарту жобасының өз бөлігін жүзеге асыруға кірісті

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Каспий маңы газ құбыры жобасының басым маңызы жайлы мәлімдеген Түрікменстан жағы Ресей және Қазақстан жағымен арадағы үкіметаралық келісімдердің ратификациялануын күтпей, оны нақты ілгерілету жұмыстарының басым бөлігін атқарып үлгерді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің мемлекеттік ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 15 Шiлде 2008
  • 680
Фото - Caravan.kz

TDH ақпаратына сәйкес, газ құбырының бағытын зерттеу нәтижесі бойынша есеп дайындалған. Зерттеу жұмыстарының барысында алынған ақпарат газ құбырын тарту жөніндегі тендірлік құжаттамаға қамтылады. Сондай-ақ, жер бөлу жөніндегі құжаттар қоржыны дайындалуда. Жүргізілген концепциялық зерттеулер мен алдын-ала инженерлік жобалау негізінде үлкен диаметрлі құбырлар мен қажетті жабдықтарды сатушыларды іріктеу мақсатындағы байқаулар өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті