Атап өтерлігі, биыл бірінші ондыққа Азияның бірден алты қаласы енді. 32 азиялық қала жүздікке кірді. Бұл шетелдіктер үшін осы өңірдің ерекше тартымдылығын көрсетеді.
Бірінші орында — Гонконг. Қалаға келген саяхатшылардың жалпы саны 24 млн. адам. Екінші орында — Сингапур. Бұл жаққа 21 млн. саяхатшы ат басын тіреген. Бұл додада Бангкок (15, 8 млн. адам) пен Лондон (15,5 млн. адам) тең түсіп тұр. Мәскеу рейтингте 24-ші орынды иеленді.
Халықаралық ұшулар санының көрсеткіші бойынша елдердің бестігіне Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Ресей кірді. Осыған байланысты көптеген елдер туристерді тарту мақсатында визалық оңайлатылған режімге көшіпті. Мысалы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Оңтүстік Корея ресейліктерге ұзақтығы 60 күннен аспаса, визасыз-ақ келе берулеріне мүмкіндік берді.
Туристердің қалауы түскен топ-10 қала
1. Гонконг
2. Сингапур
3. Бангкок
4. Лондон
5. Макао
6. Куала-Лумпур
7. Шэньчжень
8. Нью-Йорк
9. Анталья
10. Париж