Түркіменстан халық санағына дайындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстан халық санағына дайындалып жатыр

Түркіменстан халық санағына дайындалып жатыр

Түркіменстан үкіметі 2022 жылға жоспарланған халық санағына дайындық барысы туралы есеп берді.

  • 20 Желтоқсан 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік статистика жөніндегі комитеттің басшысы Х.Гурбановтың хабарлауынша, халық санағын өткізуде халықаралық ұйымдармен бірге жұмыстар жүргізілген.​

Елдегі мемлекеттік басылымдар да халық санағын жүргізуге БҰҰ көмектесетінін хабарлаған.

Айта кетерлік жайт, 2005-2014 жылдар аралығында жүргізілген халық санағының нәтижелері әлі күнге дейін хабарланбады. Сол кезде санақ БҰҰ көмегімен жүргізілгені хабарланған еді.

Соңғы мәрте Түркіменстан халқының саны туралы ресми мәлімет 2006 жылы жарияланған. Сол кезде Түркіменстанда халық саны 6 миллион 836 мың болған.


Бірқатар мәліметтер бойынша, 2012 жылы жүргізілген санақ халық санының 5 миллионнан азайғанын көрсеткен.