Жарияланды: 390

Түркіменстан президенті 2009 жылғы астық түсімінің сатып алу бағасын айтарлықтай арттыру жөнінде шешім қабылдады

Душанбе. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов 2009 жылғы астық түсімінің сатып алу бағасын айтарлықтай арттыру жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы ол 20 тамызда болған Түркіменстанның министрлер кабинетінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Г. Бердымухаммедов диқандар еңбегін ынталандырудың маңыздылығына айрықша назар аударып, астықтың сатып алу бағасын айтарлықтай көтеру туралы шешім қабылдады. Осы мақсаттарға мемлекет орасан зор қаржы жұмсайды, деп атап көрсетті президент. 2009 жылғы астық түсімінің 1 тоннасы 2 млн манат (140 АҚШ доллары) тұратын болады. Бұл ауыл тұрғындарына таза табысын 1,5 есе арттыруға мүмкіндік бермек. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть