Түркіменстан президенті ТМД-ның Атқарушы хатшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстан президенті ТМД-ның Атқарушы хатшысымен кездесті

Түркіменстан президенті ТМД-ның Атқарушы хатшысымен кездесті

Алматы. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшыларының кеңесінің отырысына дайындық аясында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтың ТМД Атқару комитетінің төрағасы әрі атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 21 Қараша 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, С. Лебедев президентке кездесу мүмкіндігіне алғысын білдіріп, ТМД үкімет басшыларының кеңесінің отырысына дайындық жөнінде хабардар етті.

«Өз кезегінде Г. Бердымухаммедов Түркіменстан алдағы отырысқа аса мән беретінін және қабылдаушы тарап жағынан оны өткізуге қолайлы жағдай жасап, жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалатынын атап көрсетті», — деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, Атқару комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу барысында, ТМД аясындағы ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілерін және оның даму мүмкіндіктерін қамтитын мәселелер талқыланған. Жақын уақытта басымдыққа ие болатын ТМД-ға мүше мемлекеттердің көлік саясаты мәселесіне ерекше назар аударылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті