«Бұл сапар Түркіменстан мен Еуропалық одақ үшін, энергетика саласындағы қарым-қатынастың алғашқы бастасасы болады «, — деді А. Пиебалгс өзінің ресми сапарының басында.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл «ЕО тарихында бірінші » Түркіменстанға сапары. Кездесу барысында комиссар энергетика саласындағы қарым-қатынасты нығайту жөнінде Брюссельде 5-6 қарашада Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен басталған мәселені кеңейте түспекші.
Баспасөз хатында белгіленгеніндей, «ЕО пен Түркіменстан арасындағы энергетикалық қарым- қатынастар нығайтылып қана қоймай, оның аясы да кеңейтіледі. Соның негізінде барлау-зерттеу саласы, жаңа технологиялар мен техникалық тәжірибемен алмасу және білім мен оқыту мәселелері қамтылатын болады».
Түркіменстанның мемлекеттік құрылым басшыларымен қоса, ЕО комиссары Ашхабадтағы халықаралық 12 мұнайгаз конференциясына қатысты.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, А. Пиебалгспен бірге еуропалық мұнайгаз секторы өкілдерінің делегациясы жүр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті