Жарияланды: 30

Түркістан облысынан Маңғыстауға 33 вагон шөп жөнелтілді

Түркістан облысынан Маңғыстауға 33 вагон шөп жөнелтілді Сурет - Мезгіл ақпарат агенттігі

Түркістан облысының тұрғындары мен еріктілері Маңғыстау облысына мың тоннаға жуық жем-шөп жөнелтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін тасымалдаушы өңірге 23 вагон шөп жіберген болатын. Енді тағы да 10 вагон мал азығы жөнелтілді. Алдағы күндері қосымша 40 вагон жем-шөп жіберу жоспарланып отыр. Жауапты сала мамандары мал азығын тасымалдау үшін 100 вагон ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, құрғақшылық биыл тек батыс өңірін ғана емес, Түркістан облысының да бірқатар аудандарын тығырыққа тіреді. Әсіресе Келес, Сарыағаш аудандарын атап өтуге болады.

Мұратбек Солтанбай, ерікті: - Қазақ елі қандай қиындық болса да бірігіп, береке-бірлікпен өмір сүрген халықпыз. Соның нәтижесін өздеріңіз көріп жатырсыздар. Жұмысымыз жоғарғы дәрежеге жетіп, естуші мемлекет екенін дәлелдеп, жоғарыдағы басшы ағаларымыз келіп, вагондарды тегін өздері қойып беріп, нағыз ел ағалары екенін көрсетіп жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін