Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған

Түркістанда 2 науқас орталықтардың бірінде өздеріне қол салған

Түркістан қаласындағы 1-арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі науқас бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлді. Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма мәліметінше, екі науқасқа да «шизофрения» диагнозы қойылған. Екеуі де 2-топ мүгедегі. Бірі – 60 жаста, екіншісі – 46 жаста. Екеуі де асылып қайтыс болған.

  • 11 Қаңтар 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Екі адам да диагнозына сәйкес суицидке бейім. 60 жастағы азаматтың артынан 16 жылдан бері туыстары іздеп келмеген. Ал 46 жастағы азамат туыстарымен көрісіп тұрған, – делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға туралы туған-туыстары мен құқық қорғау органдарына хабар берілген.


Полиция бұл туралы әзірге ақпарат бермеді.