Түркістанда 3 күн бұрын жоғалып кеткен оқушылар жалдамалы пәтерден табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда 3 күн бұрын жоғалып кеткен оқушылар жалдамалы пәтерден табылды

Түркістанда 3 күн бұрын жоғалып кеткен оқушылар жалдамалы пәтерден табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты.

  • 3 Ақпан 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұрайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрші тұратын жалғызбасты аналардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтарда үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Із-түссіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді. Сондай-ақ Түркістан облысы ПД-ға қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды.

"Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылды. Олар облыс орталығындағы 1-мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Осылайша дін-аман табылған оқушы қыздар отбасыларына қайтарылды"
— делінген хабарламада. 

Анықталғандай, екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнеген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.