Жиналған жұртшылық Түркістанда салынған туристерге қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі А.Мырзахметов облысымыздың, соның ішінде Түркістанның туристік әлеуетінің зор екендігін айтып, бұл орталықтың өңірімізде туризм саласын дамытуға тың серпін беретінін жеткізді.
«Орталықта туристерге көрсетілетін қызмет түрлері белгіленіп, барлық жағдайлар қарастырылған. Ғимарат 72 бөлмеден тұрады. Мүнда бір мезетте 200 туристке қызмет көрсетіледі. Орталық аумағында автотұрақ, қолөнершілер шеберханасы, тұрғын бөлмелер, намазханалар, асхана, мәжіліс және кино залы, әкімшілік бөлмесі, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, ішкі демалыс алаңы, мал сою орны, ішкі дәліз қарастырылған», деп жазылған баспасөз хабарламасында.