Жегілікті TVK телеарнасының хабарлауынша, атыс салдарынан үш бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Үшеуіне де оқ тиіпті, қазіргі жағдайлары туралы ақпарат жоқ. Полицейлер болса осы іске қатысы бар екі күдіктіні ұстаған.
«Төбелестен кейін дереу 15 жастағы Бекжан Бақдәулет есімді оқушы ұсталды. Одан заттай айғақ ретінде 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп алынған. "Бұзақылық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Екінші күдікті — 18- жастағы Дінислам Раушанбек. Полицейлер одан травматикалық тапанша тәркілеп алды. "Заңсыз қару-жарақ сақтау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Орын алған осы жайттан кейін қалада жаппай алдын алу шараларын бастап кеттік»,- дейді Тұркістан қалалық ІІБ басшысы Баһадыр Битұрсынов.
Айта кетейік, соңғы 8 айда Түркістанда жасөспірімдер қолымен жасалған 9 қылмыс тіркелген. Полицейлер олардың барлығының ашылғанын айтып отыр.