Түркiстанға Түркиядан 13 терең қопсыту техникасы жеткiзiлдi - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркiстанға Түркиядан 13 терең қопсыту техникасы жеткiзiлдi

Түркiстанға Түркиядан 13 терең қопсыту техникасы жеткiзiлдi

Түркiстан қаласына Түркия елiнен 13 дана терең қопсыту техникалары жеткiзiлдi. Облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтің осы бағыттағы тапсырмасына орай, облыс әкiмдiгi, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен қала әкiмдiгi арасында үш жақты келiсiм түзiлген. 

  • 25 Ақпан 2015
  • 556
Фото - Caravan.kz


Келісімге сәйкес, Мақтаарал ауданының тәжiрибесi түркістандық мақта шаруашылығы мамандары тарапынан қолдау тауып, қозалықты терең қопсыту технологиясын ендiру шараларын іске асыруға нақты қадам жасалып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 Терең қопсыту технологиясының ерекшелiгi, топырақты 70-80 сантиметр тереңдiкте қопсытып, жердiң 35-80 сантиметрден төменгi тығыздалған қабатын босатуға тiкелей әсер етедi. Осылайша өсiмдiк тамырының терең бойлауына, топырақ ылғалдығының ұзақ мерзiмге сақталуына ықпал жасайды. Нәтижесiнде егiстiктiң өсiп-өнуi жақсарып, өнiмдiлiгi артады.