Жарияланды: 30

Түркия билігі жазғы туристік маусымға дайын екенін мәлімдеді

Түркия билігі жазғы туристік маусымға дайын екенін мәлімдеді

Түркия жазда келетін туристерді қабылдауға дайындалуда.

9 800 жергілікті туристік кәсіпорын, оның ішінде мейрамханалар, мәдени нысандар, конференц-залдар, теңіз туризмі нысандары, тақырыптық парктер мен тау шаңғысы көтергіштерін қоса алғанда, қауіпсіздік сертификатын алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travelbizmonitor.com басылымына сілтеме жасап.

Түркия азаматтары вакцинаның 27 миллионнан аса дозасын алды. Сонымен қатар, ұлттық вакциналау бағдарламасында туристік қызметкерлерге басымдық берілді.

"Қауіпсіз туризм саласындағы жетекші ел ретінде Түркия 2020 жылы 16 миллионнан астам қонақ қабылдады және біз 2021 жылдың маусымы одан да қауіпсіз болады деп күтеміз. Түркия бойынша 10 000-нан астам туристік нысан сертификат алды. Біз жазғы маусымға дайынбыз", - деді Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Анталиядағы қауіпсіз туризмге арналған шетелдік миссиялардың елшілерімен кездесуде.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін