Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы қызметінен кетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы қызметінен кетпек

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы қызметінен кетпек

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы басқарушы партия көшбасшысы және үкімет басшысы қызметтерінен кету шешімін жариялады. Партияның жаңа басшысы сайланатын кезектен тыс съезі 22 мамырда өтеді.

  • 6 Мамыр 2016
  • 436
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы РБК хабарлады.  

Түркия саясаткері Ахмет Дәуітоғлы өзінің шешімі туралы партияның штаб-пәтерінде мәлімдеді. Дәуітоғлы басқарушы партияның кезектен тыс съезінде қайта сайланбайтынын айтты.

«Президентпен кеңесулерден кейін мен партия көшбасшысын және премьер-министрді ауыстыру жақсы болады деген пікірге келдім», — деген Дәуітоғлының сөздерін  келтіреді The New York Times. Ол басшылықты ауыстыру «партияның бірлігін сақтап қалу үшін бейбіт әдіспен өткізілуі тиіс», екенін атап өтті.