Түркия президенті Қырғызстанға лирамен есепсетуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия президенті Қырғызстанға лирамен есепсетуді ұсынды

Түркия президенті Қырғызстанға лирамен есепсетуді ұсынды

Түркия президенті Редеп Тайип Ердоған Қырғызстанға сауда айналымын түрік ұлттық валютасы - лирамен жүргізуді ұсынды.

  • 4 Қыркүйек 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Бішкекте 2 қыркүйекте қырғыз-түрік бизнес-форумында мәлімдеді, деп жазды Абай.кз.

Ердоған АҚШ доллары Түркия экономикасына кері әсер етіп деді. Түркия Қытай және Ресеймен сауданы лирамен жасауды көздеп отыр.

20 тамызда Ердоған елдегі валюта дағдарысын экономикаға жасалған "шабуыл" нәтижесі деп атаған. Ол Түркия бұл дағдарысты еңсере алады деп есептейді.

Вашингтон өзінің НАТО-дағы одақтасына Эндрю Брансон ісі бойынша санкция салды, бұған қоса Түркия металлының салығын өсірді. Соның салдарынан түрік лирі қатты құлдырады.

Евангелист пастор Эндрю Брансон қазір үй қамауында отыр. Ол 35 жылға сотталуы мүмкін. Түрік прокуратурасы оған АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленмен қатысы бар деген айып таққан. Түркия билігі Гүленді 2016 жылғы сәтсіздікке ұшыраған әскери бүлікті ұйымдастырды деп есептейді.


Соңғы жаңалықтар