Түркия тұрғындары содырларды қолдады деп билікке қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия тұрғындары содырларды қолдады деп билікке қарсы шықты

Түркия тұрғындары содырларды қолдады деп билікке қарсы шықты

Түркиядағы лаңкестік шабуылдан кейін тұрғындар жаппай наразылық білдіріп жатыр. Мыңдаған демонстрант бүгін жарылыс болған Суруч қаласы мен Стамбул көшелеріне шықты.

  • 22 Шiлде 2015
  • 240
Фото - Caravan.kz

Билікті «Ислам мемлекеті» лаңкестерін қолдады деп айыптаған шерушілер Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Айтуларынша, ресми Анкара Сирия мен Ирактағы экстремистерге құпия түрде көмектеседі, тіпті қару-жарақ тасиды екен. Демонстранттарды елдің премьер министрі тыныштандыруға тырысты. Бірақ бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған соң, наразы топқа полицейлер резеңке оқ атуға мәжбүр болған.  Суручтағы кешегі жойқын жарылыста 31 адамның өмірі қиылған еді. Жүздеген тұрғын жараланды. Барлығы Сирияның Кобинаи қаласына көмек қолын созамыз деп жиналған күрд жастары. Ал лаңкестік әрекетті 18 жастағы жанкешті-бойжеткен жасаған. Түркия билігі шабуылдың «Ислам мемлекеті» лаңкестерінің ұйымдастырғанына сенімді.