Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Көксал Топтан Қазақстанға ресми сапармен келеді
Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 19-23 қазаны аралығында Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Көксал Топтан біздің елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында Түркияның Ұлттық жиналысының төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламенттің қос палатасының төрағаларымен, еліміздің премьер-министрімен кездеседі.
Сапар бағдарламасы аясында К.Топтан Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларының алдында сөз сөйлеп, түрік кәсіпкерлерімен кездеседі және Астанадағы қазақ-түрік лицейінде болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін