Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала қайтыс болды

Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала қайтыс болды

Жолды кесіп өтіп бара жатқанда баланы көлік қаққан

  • 1 Қазан 2020
  • 40
Фото - Caravan.kz


Түркияның Алания қаласында 9 жасар қазақстандық апаттан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz жергілікті Alanya басылымына сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 14:00 шамасында (Нұрсұлтан уақытымен 17:00) D-400 тас жолында болған. Жолдан өтіп бара жатқанда баланы көлік қағып кеткен. Бала соққыдан бірнеше метрге ұшып түскен. Ал көлік жанар-жағармай құю бекетіне барып соғылған. Ауыр жарақат алған бала Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, баланы аман алып қала алмады.

Соңғы жаңалықтар