Түркияда әйелдерді «алдаған» Динара Қосжан кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда әйелдерді «алдаған» Динара Қосжан кім?

Түркияда әйелдерді «алдаған» Динара Қосжан кім?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Aiqyn.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір кәсіпкерлердің бірі – Динара Қосжанның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Динара Қосжан кім?

Динара Қосжан әлеуметтік желіде өзін «Стамбұлдағы қазақ байері» деп таныстырған. Ол бұл бизнесті биыл жазда бастаған.

33 жастағ

  • 22 Қазан 2021
  • 401
Фото - Caravan.kz

Қазір кәсіпкерлердің бірі – Динара Қосжанның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Динара Қосжан кім?

Динара Қосжан әлеуметтік желіде өзін «Стамбұлдағы қазақ байері» деп таныстырған. Ол бұл бизнесті биыл жазда бастаған.

33 жастағы кәсіпкер Ақтаудың тумасы, алты баласы бар. Ол саудаға дейін бірнеше кәсіппен айналысқан. Кондитерлік өнім, той киім салоны, кофехана, кафе ашып, көбін сатып жіберген.

Алғашқы бизнесі 2015 жылы торт пісіріп, сатудан басталған. Кейін маңғыстаулық қыз-келіншектерге кондитерлік мастеркластар өткізген.

«2017 жылы көлігімізді 2,5 млн теңгеге сатып, төртқабатты ғимаратты жалға алып, Ақтаудағы ең алғашқы табиғи торттар цех-дүкенін аштық. Сол жылы екінші дүкенімізді және той киімдері салонын аштық», – дейді Динара Қосжан әлеуметтік желідегі жазбасында.

Аталған кәсіптері арқылы Маңғыстау өңіріне танымал жас кәсіпкер атанып, облыс, қала әкімдерінің марапатына ие болып, «Үздік жас кәсіпкер», «Кондитер Instabest» атанған.

Бірнеше рет жергілікті телеарнаға сұхбат берген.


Кәсіпкердің өзімен байланысқа шығып, мән-жайын сұрап едік.

«Адвокатыммен ақылдастым әзірге ештеңе айта алмаймын. Себебі заң жүзінде жауап беруім керек», – деп жауап берді Динара Қосжан.

Желіде шағымданғандардың айтуынша, «Стамбұлмен бизнес» жасауды үйретіп жүрген блогер Ұлдана Ерқасым және тележүргізуші Мақпал Қаратайқызы да бірнеше адамға берген уәдесін орындамаған.

Ұлдана Ерқасым көпшілікке «Қослайк» реалити-шоуы арқылы танымал, «Хабар» арнасындағы бағдарламалардың бірін жүргізді. Оның «Қоқыстан шыққан қыз» атты кітабы шыққан. Әлеуметтік желіде Стамбұлдан фабрика бағасымен тапсырыс қабылдайтынын жазған.

Деректер бойынша продюсерлікпен айналысқан тележүргізуші Мақпал Қаратайқызының да үстінен 40-қа жуық азамат арыз түсірген.