Жарияланды: 470

Түркияда апатқа ұшыраған отандастарымыздың арасында бокстан Қазақстан чемпионы З.Цолоева бар

Түркияда апатқа ұшыраған отандастарымыздың арасында бокстан Қазақстан чемпионы З.Цолоева бар

Түркияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандық азаматтардың арасында

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан құрамасының боксшы 21 жасар Зарина Цолоева да бар, деп хабарлайды vesti.kz.

Заринаның бапкері Александр Высоцкийдің хабарлауынша, спортшы қыз жеңіл-желпі ғана жарақаттанған.

«Кеше ол менімен түркиялық телефон нөмірі бойынша байланысқа шықты. Жол апатынан спортшымыздың тек қолы көгеріп қалған. Оны және қасындағы басқа жолаушыларды дәрігерлер қарап шығып, оларға медициналық көмек көрсетілген. Зарина Қазақстанға жақын уақытта оралады. Бұл оқиға оның спорттағы жоспарларына еш әсерін тигізбейді. Қыркүйек айының басында ол Польшадағы халықаралық турнирге қатысады», - деді спортшының бапкері. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатынан 7 қазақстандық зардап шекті. Олар Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Ал А.Сарабаеваның қай жерде екендігі анықталуда. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарына қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған.

2804790

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін