Түркияда футболдан Қазақстан мен Беларус арасындағы жолдастық кездесу - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда футболдан Қазақстан мен Беларус арасындағы жолдастық кездесу

Түркияда футболдан Қазақстан мен Беларус арасындағы жолдастық кездесу

Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Павлодардың "Ертісі" мен Минскінің "Минск" футбол клубтары 30 қаңтар күні жолдастық кездесу өткізеді.

  • 28 Қаңтар 2011
  • 607
Фото - Caravan.kz


Екі команда өз елдерінің Премьер-лигаларында былтыр қола жүлдегер атанған болатын. Белорус футболшылары бұған дейін 25 қаңтар күні Астананың "Локомотив" футбол клубын 2:1 есебімен ұтқан болатын. Былтыр Хольгер Фах баптайтын астаналық футболшылар Қазақстан чемпионатында 4-орын алған еді. Виталий Тараканов жаттықтыратын минскіліктер жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 20 қаңтарда бастаған болатын. Лара қаласында өтіп жатқан бұл жиын 31 қаңтарға дейін созылмақ.

Ал Талгат Байсуфинов тізгінін ұстаған павлодарлық аяқдошылар өз дайындығын Белек қаласында өткізуде. Бас бапкер командаға Давид Лория, Антон Цирин, Никита Калмыков, Елдос Ахметов, Владислав Чернышов, Максим Жалмағамбетов, Алексей Михайлюк, Дмитрий Шомко, Сергей Иванов, Павел Шабалин, Виктор Крюков, Милан Николич, Предраг Говедарица, Георги Даскалов, Глеб Мальцев, Виталий Головешкин, Антон Деркач, Артем Волков, Әлібек Аяғанов, Асқар Бөкенов, Салман Чапанов, Мамут Кулибали, Алексей Шакин, Мұрат Тілешев, Артем Кирбятьев, Александр Кучма, Азамат Әубәкіров, Федор Симиниди, Константин Заречный және бірқатар Сербия, Румыния, Белорус, Болгария легионерлерін шақырып отыр. 9 ақпан күні сондай-ақ, Түркиядағы оқу-жатығу жиындары кезінде Қазақстан мен Белорус құрамаларының да жолдастық кездесуі өтпек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера