Түркияда қаза тапқан Аида Сарабаеваның мүрдесі апта соңына дейін елге жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда қаза тапқан Аида Сарабаеваның мүрдесі апта соңына дейін елге жеткізіледі

Түркияда қаза тапқан Аида Сарабаеваның мүрдесі апта соңына дейін елге жеткізіледі

Түркияда жол апаты кезiнде қаза тапқан қазақстандық турист Аида Сарабаеваның мүрдесiн елге әкелуге ҚР Сыртқы iстер министрлiгi жәрдемдеседi.

  • 7 Тамыз 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомствоның ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

Оның айтуынша, қазақстандықтың денесi апта соңына дейiн әкелiнедi.

"Бүгiн Аида Сарабаеваның денесiн таныды, ол оқиға орнында қаза тапқан. Бiз оның барлық туыстары мен жақындарына көңiл айтамыз. Бiздiң бiлуiмiзше, Аиданың әкесi — бiздiң әрiптесiмiз, "Астана" телеарнасында телеоператор болып қызмет атқарады. Көз жұмған Аиданың ата-анасы Алматыдан Анталияға аттанды. Консулымыз сол жақта барлық көмектi көрсетiп жатыр", — дедi ол.

Оның сөзiне қарағанда, Түркияда жол апатынан алты адам жапа шеккен. Олардың бiрi медициналық көмектен кейiн ауруханадан шыққан.

"Қазақстан азаматтары Кемер қаласында демалған. Бес адам қазiр ауруханада. Барлығы медициналық сақтандырудың есебiнен емдерiн алып жатыр", — деп атап өттi ресми өкiл.

"Министрлiк Аиданың денесiн ертең немесе жексенбiде алып келу үшiн Түркияның құқық қорғау органдарына сот медициналық сараптамасын жеделдету бойынша өтiнiш тастады. Қыздың ата-анасы оның мүрдесiн Қарағандыға әкелудi сұрауда. Бiрақ Анталиядан Қарағандыға тiкелей рейс жоқ. Сондықтан оның денесi алдымен Астанаға жеткiзiледi", — дейдi А. Әбибуллаев.


Түркиядағы жол апатынан қаза болғандардың iшiнде 18 жасар Аида Сарабаеваның болғаны бүгiн белгiлi болды. Апат 6 тамызда Астана уақыты бойынша 19:30-да орын алды. Автобус Памуккаледен Анталияға беттеп бара жатқан жерiнде апатқа ұшырады. Салдарынан 4 адам көз жұмып, 27 адам жарақат алды.

ҚР СIМ ақпараты бойынша, жарақат алған 5 қазақстандық Денизли қаласының ауруханасына жеткiзiлген.