Жарияланды: 450

Түркияда Қазақстан азаматтары ұшынып қалды

Түркияның демалыс аумағында ұшынған адамдардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Алдын ала болжамдарға қарағанда олар қолдан жасалған ішімдіктен уланған. Оқиға Бодрумда болыпты.

Саяхатшылар демалған яхтада Польша, Украина, Әзірбайжан және Қазақстаннан барған 100-ге жуық адам болған. Біршамасының жағдайы нашарлап,дәрігерлерге қаралыпты. Ал 28 жастағы Ресей азаматшасы Мария Шаляпина көп ұзамай қайтыс болған. Уланған қазақстандықтардың нақты саны белгісіз. Ал ауруханаға түскен ресейліктер 20 шақты. Ал туристік компаниялар: «Зардап шеккендерге өтемақыны жеткілікті мөлшерде төлей алмаймыз, сондықтан туристердің өз ақшасына емделуіне тура келеді» -дейді. Қазір аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін