Саяхатшылар демалған яхтада Польша, Украина, Әзірбайжан және Қазақстаннан барған 100-ге жуық адам болған. Біршамасының жағдайы нашарлап,дәрігерлерге қаралыпты. Ал 28 жастағы Ресей азаматшасы Мария Шаляпина көп ұзамай қайтыс болған. Уланған қазақстандықтардың нақты саны белгісіз. Ал ауруханаға түскен ресейліктер 20 шақты. Ал туристік компаниялар: «Зардап шеккендерге өтемақыны жеткілікті мөлшерде төлей алмаймыз, сондықтан туристердің өз ақшасына емделуіне тура келеді» -дейді. Қазір аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.