Түркияда ҚР елшілігіндегі салтанатты қабылдау ҚР тұңғыш қорғаныс министрін еске алуға арналды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда ҚР елшілігіндегі салтанатты қабылдау ҚР тұңғыш қорғаныс министрін еске алуға арналды

Түркияда ҚР елшілігіндегі салтанатты қабылдау ҚР тұңғыш қорғаныс министрін еске алуға арналды

ҚР-ның Түркиядағы елшілігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

  • 9 Мамыр 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Оның басты шарасы Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі және Халық Қаһарманы атағының алғашқы иегері, армия генералы, өткен жылы қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен Сағадат Нұрмағамбетовті еске түсіруге арналды.     

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев өз сөзінде Түркиядағы қабылдау салтанатында генерал С.Нұрмағамбетовті еске алып, құрмет көрсетудің маңызын атап өтті. Елші оның Қазақстан Республикасының ұлттық армиясын қалыптастырудың алғашқы кезеңіндегі қосқан үлесін еске салды. Қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен құттықтай отырып, елші сондай-ақ Астанада Қарулы Күштер шеруінің салтанатпен өткенін атап көрсетті.

Қабылдауға Түрік Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, жандармерияның, Түркия Президенті аппаратының өкілдері, басқа да министрліктердің, Анкарадағы дипломатиялық корпустың, жетекші қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының, қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық және іскерлік ортаның өкілдері, сондай-ақ түрік оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан азаматтары қатысты.

Түркия Қарулы Күштері Бас штабының өкілі Қазақстанды мерекемен құттықтай отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызын атап өтті және түрік тарапының бұл үдеріске бұдан әрі көбірек күш-жігер жұмсауға әзір екенін білдірді. Осыған байланысты ол өткен жылы Қазақстанда «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ компаниясымен бірлесіп, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС әскери-электрондық өнеркәсіп компаниясының зауыты ашылғанын еске салды.


Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің өкілдері түрік тарапының 2014 жылғы 22-25 мамыр күндері Астанада өтетін KADEX-2014 Қазақстандық қару-жарақтар және әскери-техникалық мүліктер халықаралық көрмесіне қатысуға әзірленіп жатқанын атап өтті.

Қабылдау барысында шақырылған қонақтар Қазақстан туралы фото және бейнематериалдармен танысып, қонақүй холлында ұйымдастырылған қазақстандық суретшілердің картиналарын тамашалады.