Түркияда YouTube пен Facebook әлеуметтік желісіне тыйым салынуы мүмкін - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда YouTube пен Facebook әлеуметтік желісіне тыйым салынуы мүмкін - премьер

Түркияда YouTube пен Facebook әлеуметтік желісіне тыйым салынуы мүмкін - премьер

Түркия Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған Түркия тұрғындарына YouTube сайты мен Facebook әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екенін айтады.

  • 7 Наурыз 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Осы салада (интернет – ИФ) бірқатар шаралар бар, олар 30 наурызда муниципалдық сайлаудан кейін қабылданады. Олардың қатарында YouTube пен Facebook пайдалануға тыйым салу бар», — деп Р.Эрдоған түріктің ATV телеарнасынан мәлімдеді.

Бірқатар батыс ақпарат құралдары атап көрсеткендей, YouTube веб-сайтында Р.Эрдоғанның даусына ұқсас адам баласынан үйден ақша алып шық деп айтқаны жазылған таспа жарияланғаннан кейін түрік премьері осындай мәлімдеме жасаған.

Р.Эрдоғанның баспасөз қызметі аудиожазбаның түпнұсқа екенін жоққа шығарды, ал премьердің өзі жазбаны «адамгершілікке жат монтаж» деп атап, өз қарсыластарын үкіметті ыдырату мақсатында сөзбайласты деп айыптады.