Бұл туралы бүгін британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.
«Мен мемлекет өкілдері өлтірген бейкүнә баланы есте сақтағанын қалаймын. Ол нан сатып алуға шыққан еш күнәсіз бала болатын», — дейді жасөспірімнің әкесі.
Ыстамбұлда қарсылық шарасы кезінде оған қатысушылардың бірі қайтыс болды. Сонымен қатар елдің шығысында полиция қызметкері жүрек талмасынан көз жұмды.
Естеріңізге сала кетсек, 11 наурыз күні Ыстамбұлда 15 жастағы Беркин Эльван (Berkin Elvan) қаза тапқан болатын. Ол 2013 жылдың маусым айында Гези саябағында өткен наразылық акциясы кезінде басына полициялықтардың лақтырып жіберген газ баллоны тиіп, ұзақ уақыт комада болып, ақыры көз жұмды.
