Түркиядағы жер сілкінісінен 76 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы жер сілкінісінен 76 адам қаза болды

Түркиядағы жер сілкінісінен 76 адам қаза болды

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы жер сілкінісінен 76 адам мерт болды.

  • 6 Ақпан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30-дағы ақпарат бойынша, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфе, Диярбакыр, Адана, Адияман, Малатия, Османие, Хатай және Килис қалаларында 76 азамат қаза тауып, 440 азамат жарақат алды", — деп хабарлады ведомство.

Табиғи апаттарды басқару басқармасының барлық бөлімшелері, соның ішінде іздеу-құтқару жұмыстары да аймаққа жіберілген.

АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.


Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.