Түркиядан контрабандалық жолмен тауар әкелетін қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядан контрабандалық жолмен тауар әкелетін қылмыстық топ құрықталды

Түркиядан контрабандалық жолмен тауар әкелетін қылмыстық топ құрықталды

Түркиядан контрабандалық жолмен тауар әкелетін қылмыстық топ әшкереленді.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 421
Фото - Caravan.kz

Салық пен кедендік төлемдерді айналып өтудің жолын тапқан олар мемлекетке 23 млн теңге шығын келтірген. Бұл туралы бейсенбідегі брифингте Кедендік бақылау комитетінің бөлім бастығы Ерден Жұма мәлім етті.

«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде бірнеше жылдан бері жалған фирмалар мен құжаттардың көмегімен контрабандамен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды», — дейді ол.

Оның айтуынша, күдіктілер қылмысын жабу үшін фирмаларды біртіндеп ашып, азырақ жұмыс істегеннен кейін жауып тастап отырған.

Контрабандалық тауарлар Алматы, Ақтөбе, Атырау мен Қарағандыға жеткізілген.


«Біздің қызметкерлеріміз үш облыс аумағында тауар тиелген 7 автофура мен 9 темір жол вагонын ұстады. Ондағы контрабандалық тауардың жалпы құны 116 млн теңгеге жуықтайды. Мемлекетке төленбеген салық пен кедендік төлемдер 23 млн теңгені құрады», — деді Е.Жұма.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаып, тергеу амалдары жүріп жатыр.