Түркияның Едірне қаласында ІІІ «Әлем Түркілері форумы» өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның Едірне қаласында ІІІ «Әлем Түркілері форумы» өтіп жатыр

Түркияның Едірне қаласында ІІІ «Әлем Түркілері форумы» өтіп жатыр

Түркияның Едірне қаласында ІІІ «Әлем Түркілері форумы»  өтіп жатыр.

  • 30 Мамыр 2014
  • 335
Фото - Caravan.kz


Жиын Едірне қаласындағы II Байазит Куллиеси Сағлык музейінде кеше ашылды. Ал бүгін Екмекчизаде Ахмет Паша Керван сарайында секция жұмыстары басталды, деп хабарлады Түркі академиясының баспасөз қызметі.

Секцияларда: «Түркі мемлекеттері: Мәдениет диаспорасы мен туризм», «Түрік және Армян диаспоралары; Қоғамдық дипломатия: Мүмкіндіктер мен тәуекелдер» мәселелері талқыланды.   

Айта кеткен жөн, бұл басқосу Түрік Азия стратегиялық зерттеу орталығының (TASAM) ұйымдастыруымен биыл үшінші мәрте өтуде. Түркі әлемі мен түркі диаспораларына арналған форумға 60-қа жуық елден ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, дипломаттар, журналистер, азаматтық ұйым және зиялы қауым өкілдері қатысуда. Биылғы жиынның бір ерекшелегі — Түркі әлеміне байланысты тұңғыш рет, он бір аталым бойынша «Қызыл алма» сыйлығы беріледі. Ол түркі әлемінің кәсіпкерлік, өнер, мәдениет, технология, дипломатия, ғылым т.б салаларында үздіктерге арналған марапат бүгін өз иелерін табады. Мұндай сыйлық тағайындау мәселесі былтыр сәуірде Ыстамбұлда өткен ІІ «Әлем Түркілері форумында» көтеріліп, шешімін тапқан еді.

Форум аясында осы қалада «Әлем Түркілері форумы» ақсақалдар Кеңесінің екінші мәжілісі ұйымдастырылмақ.

Еске сала кетсек, бұл кеңеске Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі, ақын Олжас Сүлейменов мүше.

Жиын ертең аяқталады.