Түркияның экономика министрі отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның экономика министрі отставкаға кетті

Түркияның экономика министрі отставкаға кетті

Түркияның экономика министрлігінің басшысы Зафер Чаглаян оның ұлы Каан Чаглаянның жемқорлық жанжалына ілігуіне байланысты отставкаға кетті, деп хабарлады Reuters агенттігі. 

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz


Министр жүргізіліп жатқан тергеуді «ұятты операция» деп атап, ұлына тағылған айыпты мойындамай отыр. Ал қызметінен тергеуді жүргізілуіне мүмкіндік жасап, шынайы айыптылардың анықталуы үшін кеткенін айтты.
Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Түркияның ішкі істер министрі Муаммер Гюлер қызметінен кетуге өтініш білдірген болатын. Оның ұлы Барыш Гюлер де жемқорлық жанжалына іліккендердің арасынан табылды.
Жемқорларды ұстау бойынша арнайы шара Ыстамбұл мен Анкарада 18 желтоқсан күні өтіп, 52 адам ұсталды. Кейінірек сот 23 күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Шенеуніктердің ұлдарына сыбайлас жемқорлықтан басқа контрабанда мен есірткі заттарын сатты деген айыптар тағылып отыр.