Түркияның ең көптиражды «Заман» газеті Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы басылым шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның ең көптиражды «Заман» газеті Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы басылым шығарды

Түркияның ең көптиражды «Заман» газеті Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай арнайы басылым шығарды

Түркияда ең көптиражды күнделікті «Заман» газетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай «Қазақстан» тақырыбымен арнайы басылым шығарылып, 1 млн. тиражбен таралды. 

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz


Арнайы басылымға Қазақстанның жетістіктері, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары, «Экспо-2017» көрмесіне елдің дайындығы және Астананың ерекшеліктері туралы мақалалар мен ақпараттық-танымдық материалдар енді. 

Газеттің нөмірі ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауы «Нұрлы жолдың» негізгі қағидалары және де Елбасының сөйлеген сөздерімен басталады. 

Келесі тарауларда Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың және зиялы қауым өкілдерінің мақалалары жарияланып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері, Қазақстанның даму бағдарламалары, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындық іс-шаралары, елдің «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге әзірлігі және т.б. мәселелер жоғары бағаланды. 

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық тақырыбы басылымның бөлек тарауында орын алды. Газеттің редакторлары Қазақстанда қызмет 
етіп жатқан қазақ-түрік университеттер мен лицейлердің маңызды рөлін атай отырып, білім беру саласы бойынша қазақ-түрік ынтымақтастығына ерекше назар аударды. Жалпы арнайы басылым түрік қоғамының Қазақстанға және еліміздің жетістіктеріне қатысты қызығушылығын танытты. 

«Заман» газеті — Түркияның ең көптаралымды басылымы, күнделікті негізде 1 млн. данамен ерекшеленеді. Газет Түркияның жалпы аумағы бойынша, сонымен қатар Америка, Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия елдерінде тарайды.