Жарияланды: 430

Түркменстан: жарылыстан қаза тапқандар саны жүздеп саналады

Түркмен билігі жұма күнгі жарылыстың әскери базада болғанын мойындады. Ресми ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға салдарынан 2 сарбаз бен 13 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұған дейін «пиротехника сақталған қойма өртенді, зардап шеккендер жоқ»делінген болатын.

Бірақ халықаралық ұйымдар Ашхабадтың бүгінгі таратқан ақпаратына да сенбейді. Олардың есебінше, жарылыс ошағы Абадан қаласында жүздеген үй жермен-жексен болып, кемі 250-дей тұрғын көз жұмған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, «20 шақырым жердегі Ашхабаттың өзінде кейбір үйлерге зақым келген»  дейді шетелдегі түркмен басылымдары. Өйткені өрт шыққан база елдегі ең үлкен қару-жарақ қоймасы көрінеді. Ал Абадан қаласының өзі жарықсыз, ауыз сусыз, газсыз отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін