Түрмеден қашқан қылмыскер 11 жылдан кейін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеден қашқан қылмыскер 11 жылдан кейін ұсталды

Түрмеден қашқан қылмыскер 11 жылдан кейін ұсталды

Көлік ұрлығын тергеген Владивосток полицейлері ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталып,

  • 7 Тамыз 2015
  • 370
Фото - Caravan.kz

2004 жылы түрмеден қашып кеткен, содан бері федералдық іздеуде болған адамның ізіне шықты, деп хабарлады жұма күні ІІМ-нің аймақтық басқармасынан.

Полицейлер ұрланған көліктің салонынан саусақ іздерін анықтады. Дактилоскопиялық сараптама олардың бірі Якутиядағы колониядан 11 жыл бұрын қашып кеткен сотталушыныкі екенін көрсетті. Қашқын адам өлтіргені, қарақшылық және жалған құжаттарды жасағаны үшін 13 жылға сотталған.

Көлік иесіне қашқынның фотосуретін көрсеткенде, ол одан таяуда көлігін жөндеткен көлік жөндеу орнының қызметкерін таныды.


Қылмыстық іздеу қызметкерлері қаскүнемді ұстады. Оның колониядан қашып, пойыздағы серігінің төлқұжатын ұрлап әкеткені белгілі болды. Осы құжатпен Владивостокта 11 жыл тұрған.