«КТК-да Қабатов!» телешоуы әр жексенбіде көрермен көңілін көтеретін болады. Ондағы әзіл-қалжыңның бәрі Тұрсынбектікі. Белгілі сықақшы тек әзіл айтып қана қоймай, танымал тұлғаларды да қонаққа шақырады. Ал КВН ойыншылары түрлі қойылымдар қойып талай қызыққа батырады. Осы жексенбіге де Тұрсынбек өз көрермендеріне тосын сыйлық әзірлеген. Оны білгіңіз келсе, кешкі сағат 19.45-те КТК арнасын қосуды ұмытпаңыз.