Суретте Болдуиннің Санта-Фе округінің шерифінің кеңсесінде болған жауап алудан кейін ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған сәті бейнеленген.
Еске салайық, түсірілім кезінде болған қайғылы оқиға жайлы 22 қазан күні таңертең белгілі болған. Хабарланғандай, Болдуин қолданған тапаншаға бос патрондар салынып қоюы керек болған, алайда қарудан шыққан оқ немесе оның ұшқындары айналаға шашылып, оператор мен режиссерге тиген.
42 жастағы украиналық Галина Хатчинс ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, бірақ ол алған жарақаттан жолда жан тапсырған. Джоэл Сауса тірі, жағдайы ауыр күйде және оның иық сүйегі зақымданған.