Твиттер жазбаны 140 белгімен шектемейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Твиттер жазбаны 140 белгімен шектемейтін болды

Твиттер жазбаны 140 белгімен шектемейтін болды

Твиттер келте блог желісінің басшылығы ресми түрде 140 белгі бойынша жазбаны шектеуін өзгертетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. 

  • 25 Мамыр 2016
  • 308
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні компанияның сайтында аға менеджер Тодд Шерманның блогында осындай мәлімдеме жария етілді. Бұдан былай әріп-белгілерді санау кезінде медиақосымшалар — фотосурет, бейнеролик, GIF-файлдар және цитаталар шектеуге қосылмайды.

Шектеу @есім белгісі бар твиттерге берілген жауаптарда да жұмыс істемейді. Бұл белгімен басталатын жаңа твит барлық жазылуышыларға (фолловер) көрінетін болады.

Аккаунт  иесі өзінің жазбасын қайтадан бөлісе (retweet) аплатын болды.