Тыл ардагерлері жәрдемақыдан қағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Тыл ардагерлері жәрдемақыдан қағылды

Тыл ардагерлері жәрдемақыдан қағылды

Тыл ардагерлері жәрдемақыдан шет қалды. Биыл Ұлы жеңістің 69 жылдығына орай майдангерлерге бір реттік жәрдемақы тағайымдалған болатын. Яғни, өңір-өңірдің бюджетіне қарай 50 мыңнан 150 мың теңге көлемінде. Бірақ бұл көмекті Алматының тылда тер төккен 23 мыңға жуық ардагері алмайтын болды. Оған әлеуметтік бағдарламаны әзірлеушілер қала қаражаттың жеткіліксіздігін алға тартып отыр.

  • 1 Мамыр 2014
  • 693
Фото - Caravan.kz

85 жастағы Антонина Чиченева еліміздегі көзі тірі қалған 220 мыңға жуық тыл ардагердің бірі. 15 жасынан бастап, зауытта тер төккен. Міндетсінбейді, десе де соңғы уақытта саны азайған сайын ардагерлерге деген құрметтің сейілгеніне қария ренжиді. Әсіресе өзі сыңды тыл еңбеккерлерінің ескерусіз қалғанына.

Антонина Чиченева, тыл ардагері:

-Қазір біз кімге керекпіз? Ешкімге. Менің ренішім де осы. Тіпті «сендер соғысқа қатыспадыңдар» деп тылдағыларға жәрдемақы да бермейді. Мысалы, менің зейнетақым небәрі 35 мың теңге. Оным дәрімнен аспайды. Биыл, міне, тағы да бермейміз депті. Сондағысы бір 10 мың теңге ғой.  

Осылайша алматылық 23 мыңға жуық тыл ардагері мейрам қарсаңында қаржылай сыйсыз қалып отыр. Бағдарламаны әзірлегендер: «Бұл — Мәслихаттың шешімі» дейді. Оның үстіне, жәрдемақы бұрыңғыдай республикалық емес, қалалық бюджеттен бөлініпті. Сондықтан биылғы 150 мың теңге деп бекітілген жәрдемақыны тек соғысқа қатысқандар алмақ. 

Лаура Әбжанова, Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бас маманы:


-Бұл енді материалдық көмек Алматы қаласының бюджетінен болғандықтан бұл шешімді Мәслихат депутаттары шығарды. Соғыс ардагерлері қазіргі күнде 1006 адам. Ал оларға теңестірілген адамдар саны 4 мыңнан асады.

Бір реттік жәрдемақыдан Алматы ғана емес, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстан облыстарының да тыл ардагерлері қағылып отыр. Өзгесінде 5 мың мен 10 мың теңгенден үлестіріледі деген ақпар бар. Тіпті ақшалай болмаса да, кей өңірде азық-түлік есебінде де берілмек. Ал негізгі жәрдемақы мөлшері Астана мен Алматы ардагерлері үшін ғана 150 мың теңге болса, қалған аймақтарда 50 мыңнан 120 мың шамасында.

-Бүгінде соғыстан аман оралып, көзі тірі жүрген тек 6 мыңға жуық ардагер бар екен. Бұл сан осында 2 жыл бұрын 10 мыңның үстінде еді. Бірақ кәрілік пен уақыт дегенін орындап отыр. Ал тыл теңбеккерлері – 220 мың адам шамасында.