Тым сымбатты қытайлық жігіт бір тәулік ішінде интернет-сенсацияға айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тым сымбатты қытайлық жігіт бір тәулік ішінде интернет-сенсацияға айналды

Тым сымбатты қытайлық жігіт бір тәулік ішінде интернет-сенсацияға айналды

Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Нинбо қаласында тұратын "тым cымбатты" жігіт бір тәулік ішінде интернет-сенсацияға айналды.

  • 24 Қыркүйек 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Оның душта жарақат алып қалған видеосы желіні жаулады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 жастағы Чжан аймақтық телебағдарламаға шығып, ваннадағы болған жағдайды айтып шағымданды. 8 қыркүйекте жалдамалы пәтерінде жуынатын бөлмедегі душ есігі кенеттен шытынап, шағылғанып кеткен екен. Нәтижесінде жігіттің қолында ауыр жарақат іздері қалып қойыпты. Қолын емдеуге 9,4 мың юань (589,4 мың теңге) жұмсаған екен.

Жәбірленуші тұрғын үй басқармасынан өтемақы алу үшін тележурналистерге сұхбат берді. Алайда көрермендердің Чжанның мәселесіне қарағанда оның сыртқы келбетіне назары көбірек түскен. Оқиға орнынан түсірілген видео танымал қытайлық Weibo әлеуметтік желісіне түсіп, 24 сағат ішінде 50 миллионнан астам адам қарап үлгерген.

"Мен тұрғын үй басқармасы кінәлі екеніне сенімдімін, оған ешқандай күмән жоқ. Чжан өте келбетті. Өтірік айтады деп ойламаймын" — деп желі қолданушылары пікір қалдырған.


Бір күнде танымал болып шыға келген жігіт мұндай оқиғаны күтпеген.

"Менің ойымша, бұл тым асыра сілтеушілік. Мен тек өз құқығымды қорғағым келді. Мұндай жағдай болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті", — дейді ол.

Тұрғынүй басқармасы бастапқыда кінәлі еместігін алға тартып, жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Алайда, видео желіні жаулаған соң, Чжанның медициналық шығындарының бір бөлігін өтеуге келісті.

Соңғы жаңалықтар