"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев сөзіне құлақ аспай жүрген Алматы басшылығына ренішін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев сөзіне құлақ аспай жүрген Алматы басшылығына ренішін айтты

"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев сөзіне құлақ аспай жүрген Алматы басшылығына ренішін айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының басшыларына өкпе ренішін жеткізді.

  • 23 Қыркүйек 2020
  • 88
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында белгілі әнші өнердегі ағаларының арасында Алматыдан баспана  таппай жүрген кісілердің бар екенін жазды. Бірақ оған ешкім құлақ аспайтын көрінеді.

"Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ", — деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

"Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?", — деп жалғастырды ол.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қыркүйегінде Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.


 

 

Соңғы жаңалықтар