Мына суретті тұтынушылардың бірі түсіріп алған. Онда Астанадағы кісі көп келетін гипермаркеттердің бірінде тышқан өрікті кеміріп тұр. Соған қарағанда, жеміс-жидек пен азық түлік арасын емін-еркін аралап жүргенге ұқсайды. Мұндай жайт Елордада бірінші рет емес. 3 ай бұрын да дәмханалардың бірінде егеуқұйрық дайын тұрған кәуапқа ауыз салып, шу қыққан еді. Кейін сол кафе жабылып тынған. Тышқанмен аты шыққан гипермаркеттің есігіне де қара құлып салынуы ғажап емес.
Федор Пеев, Астана қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
-Қазір «Green» гипермаркетін тексеріп жатырмыз. Егер кінәрат табылып жатса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Айыппұл саламыз. Тіпті, гипермаркет жұмысын тоқтатуы мүмкін.