ҰБ басшысы теңге девальвациясы қайталанатынын жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБ басшысы теңге девальвациясы қайталанатынын жоққа шығарды

ҰБ басшысы теңге девальвациясы қайталанатынын жоққа шығарды

Бүгін Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің долларға қатысты девальвациясының екінші толқыны қайталатыны туралы дақпыртты жоққа шығарды.

  • 12 Ақпан 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Өкінішке қарай, арандатушылар тағы бір девальвация болатыны туралы дақпырт таратып жүр. Соның салдарынан көптеген айырбас пункттері кеше бағамды 200-205 теңгеге дейін көтеріп тастады. Ешқандай да екінші девальвация болмайды. Кешегі белгіленген шек мығым, біздің бұны ұстап тұруға күшіміз де қаражатымыз да жетеді, біз бұны қорғап тұра аламыз», — деп мәлімдеді ҰБ басшысы.

Бұдан бөлек, Қ. Келімбетов соңғы 5 жылда Қазақстанның Ұлттық банкі доллардың теңгеге қатысты бағамын 145-155 теңге арасында қорғап келгенін де еске салды.