ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыса алады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыса алады

ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыса алады

Аталған жоба аясында жыл аяғына дейін 300-ге жуық жас жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

  • 31 Қаңтар 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті.   

Жастарды қолдау бағытында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу кезеңі ұзартылып, еңбек ақылары да ұлғайтылды. Бұрын жастар практикасына жолданған жастардың еңбек ақысы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсе, қазір 30 айлық көрсеткішке дейін өсті, жұмыс мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін. Алғашқы жұмыс орны жобасына қатысу кезеңінің ұзақтығы 1 жылдан 18 айға дейін, еңбекке төленетін ақы мөлшері 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейіп отыр. Сондай-ақ, биылғы жылдың жаңалығы «Алғашқы жұмыс орнына» ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер де қабылданады, — деді А.Мәмбетов. 

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өткен жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 104 жас жұмысқа орналасқан.


Соңғы жаңалықтар