ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатысуға болады - министрлік - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатысуға болады - министрлік

ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатысуға болады - министрлік

ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант конкурсына өткізуге болады.

  • 22 Мамыр 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап. 

«ҰБТ жылына 5 рет өтеді. Ақылы негізде оқуға қатысты тестілеу қаңтар, наурыз, тамыз айларында қамтылады, ал грант конкурсына қатысу үшін мамыр-маусым айларында, яғни қазір өтіп жатқан негізгі ҰБТ нәтижесі қабылданады», — деді Қ. Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл талапкерлер ҰБТ -ны 2 рет қаңтар және наурыз айларында тапсырды. Қаңтардағы ҰБТ-ға 123 мың адам қатысып, оның 83% — ы шекті балл жинады. Наурыз айында 111 мың бала қатысып, оның 78% — ы шекті деңгейден өтті.

«Негізгі ҰБТ-ның маңызды артықшылығының бірі — оны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі. Осы орайда тест тапсыратын бала ең жақсы нәтижені грант алу үшін конкурсқа жолдай алады. Биыл бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілді», — деді вице-министр.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 18 мамырда осы жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді. Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді.

Соңғы жаңалықтар